From Wikipedia, the free encyclopedia
Ришат Мүкімұлы Абдуллин (14 наурыз 1916, Өскемен — 12 қараша 1988, Алматы) — қазақ кеңес әншісі (баритон), КСРО халық әртісі (1967).
Ришат Мүкімұлы Абдуллин тат. Ришат Мөкыймь улы Абдуллин | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Мемлекет | |
Мамандықтары |
жеке орындайтын әнші, опера әншісі |
Дауыс түрі | |
Марапаттары |
Кәсіби музыка өнеріне көркемөнерпаздар үйірмесінен келді. 1933 жылы Алматы музыкалық техникумында, 1936 жылы Мәскеу консерваториясының жанынан ашылған қазақ студиясында оқыды. Профессор А.И.Вишневский класында әннен сабақ алды. 1939 жылдан Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әнші-солисі. Қазақтың ұлттық опера өнерінің өркендеуіне елеулі үлес қосты. "Абай", "Травиата", "Даиси", "Демон", "Ер Тарғын", "Біржан-Сара", "Кармен" т. б. операларда басты партияларды айтып, Абай, Жермон, Онегин, Киэзо, Эскамильо т. б. кейіпкерлердің образын жасады. Концерттік программасы да жан-жақты. Репертуарында қазақтың жүздеген өндерінен басқа орыс, татар т. б. туысқан халықтардың әндері бар. Р.Абдуллин Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.